Профи-бокс
13 маусым 2017 15:40
 
Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу қай салмақта өтетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу қай салмақта өтетіні белгілі болды ©AllFight.Ru

UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана шәкірті кіші Флойд Мейвезермен кездесу келісімшарт бойынша 152 фунтта өткенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат.com"

Салмақ дәрежесі - келіссөздер барысындағы ең маңызды сұрақтардың бірі болды. МакГрегор UFC ұйымында жеңіл салмақта (155 фунтқа дейін) өнер көрсетсе, Мейвезер болса екіші жеңіл салмақта (147 фунт) өнер көрсетіп келеді. 

"Бұл қазіргі уақытта қаралып жатқан мәселелердің бірі. Мейвезердің Сауль Альвареспен 152 фунтта жұдырықтасқанын білемін. Сондықтан да ол бұл салмақта өнер көрсеткен. Енді оның ұсыныс қандай болатынын көреміз. Мен Конор кез-келген салмақта шыға алады деп айта аламын", - деп келтіреді Кавананың сөзін ESPN телеарнасы.   

Қазіргі таңда бұл жекпе-жекті өткізу туралы келіссөздер жалғасып жатыр. Кейбір дереккөздерге сүйенетін болсақ, МакГрегор кездесуді өткізуге қол қойып қойған. Енді Мейвезердің кезегі екен. Бүгін белгілі болғандай америкалық боксшының комаеласы 26 тамызға бұл кешті өткізу үшін Лас-Вегастағы MGM Grand спорт кешенін жалға алып қойыпты. 

Жарнама

Живи спортом!