Мейвезер - МакГрегор арасындағы кездесу бокс ережесі бойынша бірінші орта салмақта өтеді
©craziestsportsfights.com
Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесу орта салмақта - 69,85 келі салмақта бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл туралы ESPN арнасы UFC президенті Дана Уайтқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін, 15 маусым күні Мейвезер ресми түрде МакГрегорға қарсы кездесу 26 тамыз күні өтетінін жариялаған болатын Жекпе-жек 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile Arena аренасында өтеді.
"Біз келіссөздерді біршама уақыт жүргіздік. Келіссөз сәтті өтті. Флойдың командасында ақылды адамдар бар. Сондықтан да біз бұл кездесуді өткізу туралы келісімге келдік", - дейді Уайт.
40 жастағы Мейвезер спорттық карьеарасын 2015 жылдың қыркүйек айында, бірде-бір жеңіліс таппай кеткен болатын. Ол кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Осылайша ол бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.
28 жастағы МакГрегор болса ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 21 жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп қалды. 19 кездесуін ирландиялық спортшы уақытынан бұрын жеңді. Екі жеңілісті ол карьерасын енді бастап келе жатқанда тапса, үшінші жеңілісін Нэйт Диастан тапты.

Жарнама