Мейвезер Қазақстанға келгені үшін қанша ақша алады?
©sport.bigmir.net
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz порталының тілшісіне аты аңызға айналған боксшы, салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Флойд Мейвезердің Қазақстанға келуі федерация бюджетіне айтарлықтау салмақ түсірмейтінін айтып берді.
"Әрине, егер Мейвезерді Қазақстанға жеке шақыратын болсақ, онда қыруар ақша кететін еді. Дегенмен елордамызда WBC конвенциясы өтетін болғандықтан, бокс әлемінің барлық жұлдыздарымен аз ақшаға келісуге болады. Оның үстіне боксшылардың барлығын WBC шақырады. Біздің тарап тек боксшылардың қонақ үйлерін, жүріп-тұруын өз мойнына алады. Мұндай жағдайда көп ақша кетпейді", - дейді Бекхожин.
Бұған дейін қазақстандық БАҚ-да Мейвезердің Қазақстанға тек қомақты сыйақы үшін келетіні жазылған еді.
Айта кетейік, америкалық боксшы Астанада өтетін WBC конвенциясына шақырту алған құрметті қонақтардың қатарында. Бұл жиынға қатысатын боксшылардың толық тізімін мына жерден көре аласыздар.
Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 55 конвенциясы 31 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында өтеді. Жалпы жиын барысында 500 делегат болады. Олардың қатарында WBC директорлар кеңесі, әлемнің қазіргі чемпиондары, чемпиондық атаққа үміткер боксшылар, танымал функционерлер, менеджерлер, промоутерлер, төрешілер, супервайзерлер және арнайы спикерлер болады.

Жарнама