Профи-бокс
12 қаңтар 2017 16:56
 

Мейвезер жекпе-жек үшін МакГрегорге 15 миллион доллар ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер жекпе-жек үшін МакГрегорге 15 миллион доллар ұсынды ©bbc.com

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер UFC жұлдызы, ирландиялық Конор МакГрегорге жекпе-жек үшін 15 миллион доллар ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер UFC жұлдызы, ирландиялық Конор МакГрегорге жекпе-жек үшін 15 миллион доллар ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кіші Флойд Мейвезер 2015 жылы рингтен жеңілмей кеткен болатын. ESPN басылымына берген сұхбатында ол МакГрегормен жұдырықтасу мүмкіндігі оны ринге қайтараруы ықтимал екенін айтқан.

"Мен іскер адамммын. Бизнес тұрғысынан бұл жекпе-жек мен үшін тиімді", - деп түсіндірді Мейвезер.

МакГрегор болса Мейвезермен жекпе-жек үшін 100 миллион доллар алғысы келтінін айтқан еді.

Ал, атақты боксшының айтуынша, бұған дейін екеуара жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер болған екен. "МакГрегомен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысқанбыз. Олар мен бұл жекпе-жек үшін қанша сыйақы алғым келетінін біледі - 100 миллион доллар. Біз оған 15 миллион беруге дайынбыз, сосын PPV сатылымынан түсетін үлес пен пайыз туралы ары қарай келісерміз", - деді Мейвезер.

Айта кетейік, МакГрегор Калифорния штатының атлантикалық комиссиясынан бокс рингіне шығуға рұқсат алған. Мұндай рұқсат қағаз негізі ирландиялық спортшыға АҚШ жерінде  жұдырықтасуға мүмкіндік береді. Бірақ, ол бокс рингіне шығу үшін тағы UFC ұйымының рұқсатын аулы керек. 

Жарнама

Живи спортом!