Мейвезер Головкинді менсінбейтінін айтты
Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық кіші-Флойд Мейвезер тағы да Геннадий Головкинді менсінбейтінін айтып, жолдары түйісіп жатса Сауль Альварес қазақстандық боксшыны оңай жеңеді дейді.
Бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық кіші-Флойд Мейвезер тағы да Геннадий Головкинді менсінбейтінін айтып, жолдары түйісіп жатса Сауль Альварес қазақстандық боксшыны оңай жеңеді дейді.
""Канело" GGG-дан қашып жүрген жоқ. Сауль Головкинді сұлатып салады. Егер қателеспесем, Головкин жуырда орта салмақта бір кездесу өткізіп, қарсыласын жеңген еді. Мен боксты жақсы білемін. Боксты менен артық ешкім де білмейді. Сондықтан да мен "Канелоның" Головкинді накаутқа жіберетініне сенімдімін.
Головкин алдағы уақытта Джейкобспен жұдырықтасады. Дэнни негізі жақсы боксшы. Егер Джейкобс соққыларды дұрыс қабылдайтын болса, тіпті Дэниэлдің өзі Геннадийді жеңе алады", - дейді Мейвезер ESPN басылымына берген сұқбатында.
Негізі Мейвезер отандасымызға деген менсінбеушілігін дәл осылай бірінші рет көрсетіп отырған жоқ. Бұған дейін де ол "Канелоның" Головкинді оп-оңай жеңетінін айтқан еді. "Головкиннің соққысы мықты. Бірақ, ол тек жоғары және төмен ұрады. Соққыларында ешқандай комбинация жоқ. Өткен кездесуде Бруктің өзі Головкинді біршама тығырыққа тіреген еді. Ал, Келлдің орнында мен болсам ше?", - деген еді Мейвезер.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Жарнама