Мейвезер блогермен жекпе-жек өткізетінін хабарлады

Флойд Мейвезер. Сурет: instagram.com/floydmayweather/

Танымал америкалық боксшы Флойд Мейвезер блогер Логан Полмен кездесу өткізетінін мәлімдеді,- деп жазады Vesti.kz порталы. 

Кездесу 2021 жылы 20 ақпанда өтеді. Жекпе-жектің қайда өтетіні белгісіз. 

25 жастағы Логан - танымал америкалық видеоблогер, шоумен және актер. Көпшілікке Vine видеосервисінде видо түсіріп танылған. YouТube-та Logan Paul және TheOfficialLoganPaul деген арналары бар. YouТube, Instagram, TikTok секілді әлеуметтік желілерде миллионнан көп оқырманы бар. 

Логанның туған бауыры, 23 жастағы Джейк Пол да танымал блогер. Ол өткенде Тайсон-Джонс андеркартында шаршы алаңға шығып, NBA жұлдызы Нейт Робинсонды нокаутқа түсірді. 

Ал 43 жастағы Мейвезер соңғы кездесуін 2018 жылдың 31 желтоқсанында Токиода өткізіп, бірінші раундта Тенсин Наускаваны нокаутпен жеңді. 

Пол болса, 2019 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, тағы бір танымал блогер KSI деген жігіттен жеңіліп қалды. 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар