Мейірім Нұрсұлтановтың қыркүйек айындағы кездесуі өтпейтін болды

©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (14-0, 8 КО) қыркүйек айына жоспарланған кездесуі өтпейтін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec.com порталы бұған дейін Нұрсұлтановтың келесі кездесуі 11 қыркүйек күні Екатеринбург (Ресей) қаласында өтетін көрсеткен. Алайда бүгін бұл кездесуді алып тасады. 

Қазіргі уақытта Нұрсұлтанов АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында атақтты Джеймс "Бадди" Макгриттің залында жаттығу жұмыстарын жасап жатыр. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы өзінің соңғы кездесуін 5 желтоқсан күні Екатерингбург қаласында өткізіп, ресейлік Илья Баландинді (4-4-1, 2 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар