Ертең, 1 қазан күні Польшаның Люблин қаласында өтетін бокс кешінде 3 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.
Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) Марсело Косараспен 31-4-1, 17 КО), Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) Сифосетху Мвуламен (16-4-1, 7 КО), Бекзат Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) Яго Кизириямен (6-8, 4 КО) кездеседі.
Мейірім Нұрсұлтанов WBO International белбеуін қорғайды, ал Бекман Сойлыбаев WBA Intercontinental белбеуі үшін бағын сынайды. Бекзат Нурдәулетовте рейтингтік кездесу.
Боксшылар бүгін жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді.