Профи-бокс
5 қараша 2023 12:25
 
Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

  Пікірлер

blog.share

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты ©Adal Promotions

Орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (9-0, 11К) қарсыласы ауысты. Отандасымыз 17 қараша күні Ташкентте чилилік Хулио Аламоспен (17-1, 9К) жұдырықтасатын болды. 

"Хулио Аламос өзінің соңғы кездесуін орта салмақта IBO чемпиондық белбеуі үшін өткізген. Қазіргі уақытта ол Boxrec рейтингінде әлем бойынша 23-орында тұр.

Бұл кездесуде орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады! Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып отыр", - деп хабарлады Adal Promotions компаниясы. 

Айта кетейік, Мейірім бұған дейін неміс боксшысы Винсент Файгенбутцпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Алайда қарсыласы жарақат алып, жекпе-жектен бас тартқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!