Мейірім Нұрсұлтанов WBO International титулына қол жеткізді

©RCC Boxing Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) Ақтаудағы кеште жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) орта салмақта бос тұрған WBO International чемпиондық белбеуіне таласты. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланды. Бірақ Нұрсұлтанов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Бесінші раундтан кейін Сироткин жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, WBO International титулына ие болды. Әзірге отандасымыз кәсіпқой бокста ешкімге есе жіберген емес. Ал Андрей Сироткин осымен екінші рет жеңіліске ұшырап отыр.

Мейрімнен бөлек, бүгін әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов та Нидерланды елінен келген боксшыдан басым түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар