auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев пен Шабранскийдің арасында өтетін бокс кешінде жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады

Жекпе-жек 25 қараша өтеді.

Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев пен Шабранскийдің арасында өтетін бокс кешінде жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады
Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Сергей Ковалев (30-2-1, 26 КО) пен украиналық Вячеслав Шабраский (19-1, 16 КО) арасында өтетін жекпе-жек кешінде жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл бокс кешінде 24 жастағы отандасымыздың қарсыласы  Эрик Мун болады. 26 жастағы америкалық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 6 рет ол қарсыластарын нокаутқа түсірген.

Соңғы кездесуін Мун қыркүйек айында өткізіп, пуэрторикалық Маркус Брукстан айласын асырған. Жекпе-жек 6 раунда жоспарланып отыр. 

Ал Мейірім Нұрсұлтанов болса кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Үш кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқан түсірген. 

Соңғы рет Нұрсұлтанов шаршы алаңға елордамыз Астана қаласында өткен бокс кешінде шығып, бірінші раундтың елуінші секундында бразилиялық қарсыласы Исмаэль Буэнодан үстем түсті. 

Айта кетейік, 34 жастағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев пен 30 жастағы украиналық Вячеслав Шабранский арасындағы кездесу 25 қараша күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді. Боксшылар бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуін сарапқа салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар