Профи-бокс
26 шілде 2017 17:55
 
Мэнни Пакьяо қашан карьерасын аяқтайтыны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Мэнни Пакьяо қашан карьерасын аяқтайтыны белгілі болды

Филиппиндік былғары қолғап шебері Мэнни Пакьяоның жеке бапкері Фредди Роучтың ойынша «Пакмен» аустралиялық боксшы Джефф Хорнға қарсы қарымта кездесу өткізеді, деп хабарлайды QSport.kz порталы.

«Алғашқы жекпе-жектен соң Арум Хорннан жұлдыз жасағысы келіп жүр, алайда қарымта кездесуден кейін бұл ойының дұрыс болмағанын түсінеді. Қарымта жекпе-жек өткізуді талап етуге біздің құқығымыз бар. Егер аталмыш кездесу өтсе, бұл Пакьяоның мансабындағы соңғы жекпе-жегі болмақ. Үлкен спортпен қош айтысқан соң Мэнни саясатқа араласқысы келеді», - деп атап өтті Роуч Boxingscene басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бокс әлемі Хорн - Пакяьо жекпе-жегінің жеңімпазын дұрыс таңдамады деген пікірде. 2-ші шілде күні өткен кездесуде төрешілердің шешімен (117:111, 115:113, 115:113) аустралиялық боксшы жеңімпаз атанды.

Жарнама

Живи спортом!