Мэнни Пакьяо жеңілісінен кейін жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо жартылай орта салмақта WBA Super белбеуіне талас кездесуінде кубалық Йорденис Угастан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо жартылай орта салмақта WBA Super белбеуіне талас кездесуінде кубалық Йорденис Угастан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
42 жастағы боксшы өткен жексенбіде Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шығып, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді. Кездесуден кейін ол нәтиже басқа болады деп ойлағанын мәлімдеді.
"Осындай кездесу өткізу үшін күш бергеніне Құдайға шүкір дегім келеді. Әрдайым менімен бірге болатын отбасыма алғыс айтамын. Угас пен оның командасын құттықтаймын. Мен нәтиже басқа болады деп ойлағаныма қарамастан оған сәттілік тілеймін.
Жекпе-жекті тамашалаған барлық жанкүйеріме алғысымды білдіремін. Мені қолдаған әрбір филиппиндік азаматқа рақмет. Бұл елдің намысын қорғайтынымды мақтан тұтамын. Жеңіске жете алмағаным өкінішті. Бірақ мен қолымнан келгеннің бәрін жасады. Шын жүрегімнен алғыс айтамын", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Жарнама