Профи-бокс
22 қараша 2018 17:00
 
Мэнни Пакьяо бокстан кететін уақытын айтты

  Пікірлер

blog.share

Мэнни Пакьяо бокстан кететін уақытын айтты © news.sportbox.ru

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо спорттық мансабын қашан аяқтайтыны жайлы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.

Пакменнің айтуынша, ол үшін бокстан жырақта жүру өте қиын және оны ақша ұстап тұрмағанын тек осы спорт түріне деген ынтасы жібермейді екен.

39 жастағы боксшы спорттан қашан кететіні туралы айтуға дайын еместігін, алайда жоғарғы деңгейде жұдырықтасуға шамасы келмейтінін сезгенде дереу зейнетке шығу туралы шешім қабылдайтынын айтады.

"Мен кейбір жекпе-жектерді тамашаладым және мен өзімді жалғыз сезіндім. Сенатта жұмыстан қолым босамайтынына қарамастан, мен өзімді жалғыз сезінемін. Мен шынымен де боксты сағындым. Бокс - менің құмарлығым, осы спорттың арқасында өстім. Бар болғаны осы. Өзімді 40-та деп сезінбеймін. Соған қарамастан, бұрынғыдағыдай жаттығу жасамаймыз. Жас кезде, күн сайын күш салып жаттығып, бір түнде қайта қалпыңа келесің

Бүгінде өзіме бір күн толықтай демалуға мұрша берем. Бұл жаста жаттығатын адамдар үшін жақсы дүние. Маттисспен өткен жекпе-жекте мен өзімді физикалық тұрғыдан күшті сезіндім. Жоғарғы деңгейде өнер көтсете алсам, мен бокста қала беремін", - деді Пакьяо

Айта кетейік, 14 шілдеде Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Мэнни Пакьяо аргентиналық панчер Лукас Маттисспен кездесіп, жетінші раунда нокаутқа түсірді. Осылайша ол жартылай орта салмақта WBA Regular белбеуінің иегері атанды.

Жарнама

Живи спортом!