Профи-бокс
27 қараша 2017 17:43
 
Менің ойымша жекпе-жек тең аяқталған сияқты - Хамитов пен Куилли арасындағы кездесудің төрешісі

  Пікірлер

blog.share

Менің ойымша жекпе-жек тең аяқталған сияқты - Хамитов пен Куилли арасындағы кездесудің төрешісі Ян Воборник (ортада). Сурет: fightnights.ru

Fight Nghts Global 80 турнирінде қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов пен ирландиялық Питер Куилли арасындағы кездесудің октогандағы төрешісі Ян Воборник Vesti.kz порталының тілшісіне жекпе-жек туралы ойымен бөлісті. 

Хамитов пен Куилли арасындағы жекпе-жек Алматыда өткен Fight Nghts Global 80 турнирінің басты кездесуі болды. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

- Fight Nights Global турнирлері үнемі жоғары деңгейде өтеді. Алматыда өткен кеш те қызықты болды. Маған жергілікті көрермендердің қолдауы ұнады. Қазақстанда жанкүйерлер өз спортшыларын керемет қолдай алады, - дейді Воробник. 

- Сіздің ойыңызша, кештің басты жекпе-жегінде кім жеңді?

- Менің мақсатым - кездесуді қадағалау. Мен спортшылардың қанша ұпай жинағанын білмеймін. Тек өзімнің әсеріммен ғана бөлісіп отырмын. Бұл теңдей дәрежеде өткен кездесу болды. Екі спортшы да жақсы физикалық дайындықтары мықты екенін көрсетті. Сондықтан төрешілерге де жеңімпазды анықтау қиын болды. Кездесуден кейін бірінші ойға келгені - тең нәтиже болды. Бірақ Fight Nights Global турнирлерінде жоғары деңгейлі төрешілер қазылық етеді. Мен олардың деңгейлеріне сенімдімін.

Бұған дейін Питер Куиллидің өзі де төрешілердің шешімімен келіспейтінін және кездесудің тең аяқталғанын айтқан еді. Ал өз кезегінде Хамитов Куиллимен екінші рет кездесуге дайын екенін айтты. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жектен кейін 29 жастағы спортшымыз мансабындағы 19 (14 уақытынан бұрын) жеңісіне жетті. Хамитовтың еншісінде 6 жеңіліс бар. Ал 31 жастағы Куилли болса карьерасындағы бесінші жеңілісіне тап болды. 10 жекпе-жекте ол жеңіске жеткен.

Жарнама

Живи спортом!