Менеджер Головкинді әлем чемпионымен кездестіруге уәде берді

Сурет: vringe.com
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн алдағы уақытта орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстанық Геннадий Головкин мен осы салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андрадемен кездестіруге ниетті екенін айтты. 

"Головкин мен Хайме Мунгия арасындағы кездесу әрине жақсы жекпе-жек болатыны анық. Бірақ егер Билли Джо Сондрес Сауль Альвареспен кездесіп болса, Андраде Головкинмен кездесуі керек. Бұл орта салмақтағы барлық белбеулерді біріқтіретін кездесу болады. Осы айқасты ұйымдастыруға уәде беремін. 

Деметриус Андраде үнемі мықты қарсылас іздеп жүреді. Ол егер Головкинмен кездесу өткізе алмаса, Лиам Уильямспен шығатын шығар. Бұл да бір өзінше жақсы жекпе-жек негізі. Америкалық жанкүйерлер Андраденің мықты боксшыға қарсы шығуын қалап отыр. Енді осы бағытта жұмыс істейміз", - деді Хирн. 

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы кездесуін желтоқсан айында өткізіп, полшалық Камиль Шереметаны нокаутпен жеңіп, 21 рет чемпиондық белбеуін сақтап қалды. 

Ал Андраде болса былтыр қаңтарда шаршы алаңға шығып, ирландиялық Люк Килэрді жеңді. 







Метки:
Жаңалықтар