Менеджер Батыр Жүкембаевтың жоспары туралы айтып берді

©EOTTM

Батыр Жүкембаевтың (19-1, 15 КО) менеджері Рик Мириджан жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандың боксшыға алдағы уақытты мықты кездесу ұйымдастырып беретінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, 31 жастағы Жүкембаев соңғы кездесуін өткен жылы желтоқсан айында Канадада өткізіп, қарсыласын 69 секундта нокаутқа түсірген болатын. 

"Иә, мен қазір Батырға мықты кездесу ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмын. Әзірге келіссөз жүріп жатыр", - деді менеджер. 

Айта кетейік, Жүкембаев кәсіпқой боксқа 2015 жылы ауысты. Ол осыған дейін Канада жерінде жұдырықтасып жүрген. Бүгінгі таңда Батыр АҚШ жерінде де жекпе-жектер өткізуге кірісті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар