Мен үшін "Канело" ешкім емес - Головкин
Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (48-1-1, 34 КО) қатысты өзінің пікірін ашық айтты, деп жазады Vesti.kz
Қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (48-1-1, 34 КО) қатысты өзінің пікірін ашық айтты, деп жазады Vesti.kz
"Қазір "Канело" туралы ойлап жүргенім жоқ. Ол тым көп сөйлейді және көбіне оныікі бос сөз. Қазір ол мені мүлде қызықтырып тұрған жоқ. Мүмкін ертең қоңырау шалып, жұдырықтасуға дайынмын дер. Бірақ, ол ертең, ал бүгін мен үшін ол жоқ. Ол былтырдан бері: "Маған қолғап беріңдер мен Головкинмен жұдырықтасамын", - деп жүрген еді. Егер шынымен жұдырықтасқың келсе, маған қоңырау шал, қане! Мен үшін ол ешкім емес. Оның промоутері Оскар Де Ла Хойя: "Мен саған ертең қоңырау шаламын", - деп күнде айтады", - дед3 Головкин Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.
Мұның алдында қазақстандық боксшы Альвареспен жекпе-жектің өзі үшін маңызды екенін айтақ еді. Бірақ, "Канело" оның қартайғанын әдейі күтіп жүр ме, жоқ па оны анық білмейтінін айтқан болатын. Головкиннің пікірінше, барлығына мексикалық боксшының промоутерлері кінәлі. Ал, кіші Флойд Мейвезер болса Альваресті қорғап, оның Головкиннен қашпағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, мексикалық боксшы Головкинді нокаутқа жібереді-мыс.
Жарнама