Профи-бокс
27 қазан 2017 15:32
 
Мен тайып кеттім, сол үшін құладым. Мұны нокдаун деп есептемеймін - Джейкобс Головкинмен жекпе-жегі жайлы

  Пікірлер

blog.share

Мен тайып кеттім, сол үшін құладым. Мұны нокдаун деп есептемеймін - Джейкобс Головкинмен жекпе-жегі жайлы Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин. © Reuters

Америкалық Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) ESNEWS басылымына берген сұхбатында Головкинмен наурызда өткен жекпе-жегіндегі нокдаун жайлы айтып берді. 

Олардың жекпе-жегі 19 наурызда Нью-Йорке Madison Square Garden аренасында өтті. Боксшылар барлық 12 раунд бойы жұдырықтасты, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Головкин жеңіске жетті. Төртінші раундта Джейкобс нокдаунда болды. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар. 

- Нокдаун болды ма?

- Жоқ, мен олай ойламаймын. GGG соққы жасады, алайда ол маған дарымады. Мен тайып кеткенім үшін құладым. Мен мұны нокдаун деп есептемеймін, бірақ төрешілермен дауласпадым, - деді Джейкобс.

- Сіз Головкинді кіммен салыстырар едіңіз?

- Мен оны ешкіммен салыстырмаймын. Ол нағыз чемпион, жақсы боксшы. Әркімнің өз ойы бар, менің ойымша ол нағыз боксшы. 

Еске салайық, 11 қарашада Джейкобс АҚШ-та өз отандасы Луис Ариаспен (18-0, 9 КО) жекпе-жек өткізеді. 

Жарнама

Живи спортом!