"Мен сіздерге Жәнібектің әлсіз тұстарын көрсетемін". Әлімханұлының қарсыласы алдағы жекпе-жек жайлы

©nstagram.com/hassanndam

WBA және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) Vesti.kz порталына сұқбат беріп, осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қарсы (10-0, 6 КО) кездесу туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол отандасымыздың мықты тұстарын атап өтті. 

- Біз Рио Олимпиадасында бірге өнер көрсеткенімізді білемін. Оның Роб Бранқа қарсы соңғы кездесуін де көрдім. Бірақ оған дейін Жәнібек туралы ештеме білмейтін едім. Әлімханұлының бірнеше мықты тұстары бар. Ол талантты, қарсыластарынан қорықпайтын боксшы. Чемпиондық рухы бар боксшы. Енді алдағы кездесуде оның кемшіліктерін көресіздер. 

- Жалпы қазақстандық боксшылар туралы білесіз бе?

- Қазақ боксшылары әуесқой бокста біраз абырой жинағанын білемін. Дегенмен кәсіпқой бокста тек бір-екі ғана мықты боксшыларыңыз бар. 

- Дайындығыңыз қалай өтуде? Осы туралы айтып беріңізші ...

- Мен жаттығу жұмыстарына кіріскеніме біраз уақыт болды. Қазір еуропалық боксшылар маған дайындыққа көмектесуде. 

- Алдағы кездесу сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Әрбір кездесу мен үшін өте маңызды. Бұл кездесу маған чемпиондыққа жол ашатын жекпе-жек болады. Айқасты жіберіп алмаңыздар. Біз сіздерге керемет жекпе-жек көрсетеміз. 

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Н'Жикам арасындағы кездесу 5 қараша күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар