auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мен сатқын емеспін! Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Мен сатқын емеспін! Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов Vesti.kz порталының тілшісіне не үшін Генналий Головкинмен емес, Сауль "Канело" Альварестің командасында жаттығып жатқанын хабарлады. 

- Мен АҚШ-қа келгенде кәсіпқой бокста тек бір ғана жекпе-жек өткізген едім. Сол үшін бірден промоутермен келісімшарт жасауым керек еді. Менің  менеджерім (Фархад Шарипов - ред) Головкинге хат жазып жіберді. Головкин ол жақта (әлеуметтік желіде - ред) отырады ма, жоқ па білмеймін. "Бобыржан деген жігіт бар еді. Сіздер әуесқой бокста бір бапкердің қолында жаттығу жасадыңыздар. Оған көмектесіп жіберсек қалай болады? Сіз тек жолдарын айтып жіберсеңіз, қалғанын мен істеймін", - делінген хатта. Менің ойымша, ол хатты ешкім оқымады да. Жауап та болмады. 

Ал қазір ол (Момынов - ред) не үшін Головкинге емес, Альвареске көмектесіп жүр деп әңгіме айтып жатыр. Егер ол мұны қаламаса, мен қалай онымен байланысқа шығамын? Сол кезде менің менеджерім Top Rank және Golden Boy промоутерлік компанияларына да хат жолдады. Бірнеше уақыттан кейін Golden Boy компаниясынан жауап келді. Олар менімен жұмыс істегілері келетінін айтты. Бірақ менің салмағым аз екенін айттым. Өйткені, мен 148 фунтта, яғни 66 келіде жұдырықтасамын. Алайда ол кедергі бола қойған жоқ. Олар мені шақырып, шамалы салмақ жинап алуымды айтты.

Компания басшылары егер мен олардың көңілдерінен шығатын болсам, маған келісімшарт ұсынатынын айтты. Мен мұнда келгенде жақсы қарсы алып, барлық жағдайды жасады. Мен тек Альвареспен жақсы спарринг өткізіп, келісімшартқа қол жеткізуім керек. Менің қазір Головкинге барып, Альварес туралы айтып беру ойымда жоқ. Ол тәжірибелі боксшы. Командасы да тәжірибелі. Головкинге еш жамандық тілемеймін. Ол менің бауырым. Менің жерлесім. Қазақстанның мақтанышы. 

Ол күллі әлемге қазақ деген халықтың бар екенін көрсетті. Қазақстан деген ел бар екенін көрсетті. АҚШ-та көп адамдар біздің елдің қайда екенін де біле бермейді. Бұл жайт мені қатты қынжылтады. Содан соң түсіндіріп отырасы. Алайда мені көбісі түсіне бермейлі. Ал Головкин арқылы Қазақстанды жақсы біледі. Мен оған еш қарсы емеспін. Менің өз карьерам бар. Өз арманым бар. Еліміздің туын биікке көтеру үшін чемпион болғым келеді. 

Боксты түсінбейтін адамдар көп. Міне, солар әртүрлі дүниелерді жаза береді. Тірті сатқын деп жатыр. Кейде мен шынымен бауырымды шынымен сатып кеттім бе деп ойлап қоямын. Бірақ кейіннен ойланып ... Сатқын емес деген ойға келемін. Не үшін маған ешкім көмектеспейді. АҚШ-қа келгенде маған шынымен көмек керек болды. Дегенмен маған көп адам сенбеді. Қолымнан ештеме келмейтінін айтты. Қиын кезеңдерден өттім. Жұмысым да болмады. Содан соң мынадай мүмкінді келді. 

Америкада тұрып жатқаныма бір жыл болды. Бірақ мен мұнда отбасымсыз тұрып жатырмын. Мен үшін бұл шамалы қиындай. Карьерамды сәтті жалғастырып, отбасыма көмектескім келеді. Жұбайымды осында алып келгім келеді. Жеңістің себептері көп, ал жеңілістің себебі біреу ғана дейді ғой. Бұл өмірдің шындығы. Мен бұл жерде тоқтап қалғым келмейді. Алға жылжып, мақсатыма жеткім келеді. 

Еске салайық, 25 жастағы қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (3-0-0, 3 КО) қазіргі уақытта Сауль "Канело" Альварестің командасында мексикалық боксшыға Геннадий Головкинге қарсы өтетін кездесуге дайындалуға көмектесіп жатыр. 

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама