"Мен оралам!". Плант "Канелодан" жеңілгеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

©Showtime

Америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (57-1-2, 39 КО) жеңілгеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Сауль Альвареске қарсы кездесуде Плант 11-раундта жеңілді. Алдымен ол нокдаунға түсіп, кейін айқасты жалғастыра алмай, төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

"Мен бүкіл әлемді бағындыра білдім. Мұны мен өзімнің мінезім мен шеберлігімнің арқасында істедім. Мен оралам! Бұған дейін де жоғары деңгейлі боксшы екенімді айттым. Мен қайта әлем чемпионы боламын. Мен ешқашан жаңа белестерден қорықпағанмын. Мені қолдаған әрбір жанкйүерге рақмет", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұл айқас үшін Калеб Плант 10 миллион доллар сыйақы алса, "Канелоға" 40 миллион бұйырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар