Орта салмақта өнер көрсететін бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) осы салмақта IBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қараша айында Фалькао канадалық Патрис Вольниді жеңіп, Головкиннің IBF белбеуінің міндетті қарсыласы атанған болатын.
Енді бразилиялық Головкиннің осы салмақта WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуі өтпейтіндіктен, отандасымызды жекпе-жекке шақыруда.
"Мен GGG-ді зейнетке жіберемін. Бұл мүмкіндікті асыға күтіп жүрмін", - деп жазды Фалькао "Твиттер" парақшасында Top Rank промоутерлік компаниясын белгілеп.