Профи-бокс
25 тамыз 2021 19:12

"Мен оны қалай жеңу керегін білемін". Ербосынұлының қарсыласы "Канеломен" кездесуге мүмкіндік беретін айқас туралы

©instagram.com/lennoxallen

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) келесі қарсыласы гайаналық Аллен Леннокс (22-1-1, 14 КО) Vesti.kz тілшісіне алдағы кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді. Әңгіме барысында ол қазақстандық боксшыдан артық тұстарын тізбектеп шықты. 

"Жаттығудың негізгі бөлігін мен Нью-Йорк қаласында өткіздім. Жалпы дайындық жақсы болды. Маған талантты боксшылар көмектесті. Алдағы кездесуде жақсы бабымда шығамын. Қыркүйек айында, жекпе-жекке үш күн қалғанда Қазақстанға барамын. Барлығы ойдағыдай болып, жекпе-жек өтеді деген үміттемін. 

Шаршы алаңға шықпағаныма бір жылдай болды. Сол үшін Ербосынұлымен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Қазақстанға бірінші рет барамын. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе болады. Қарсыласымды осал дей алмаймын. Ол бірақ мықты боксшылармен жұдырықтасқан. Оның үстіне өзінің туған жерінде өнер көрсетеді. Барлығы маған қарсы болады. Бұлай тіпті қызық болайын деп тұр. Мен оны қалай жеңу керектігін білемін. Мықты жоспар құрдым. Чемпиондық кездесуге шығуға ниеттімін", - деді Леннокс. 

Бұл кездесу 12 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кездесудің жеңімпазы осы салмақта WBA белбеуінің иегері Сауль "Канело" Альварестің (56-1-2, 38 КО) міндетті қарсыласы болуы мүмкін. 

Ербосынұлы соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізіп, ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңді. Бұл кездесуде ол BC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport