"Мен қайта оралдым". Головкин соңғы кездесуі және "Канеломен" жекпе-жек туралы ойымен бөлісті

еннадий Головкин. Сурет: DAZN

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) польшалық Камил Шереметаға (21-1, 5 КО) қарсы кездесу туралы және Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жек жайлы айтып берді. 

Еске салайық, отандасымыз бүгін польшалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді. Шеремета жетінші раундтан кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты. 

"Қайта оралғаныма қатты қуаныштымын. Мұндағы атмосфера да керемет. Жеңіске жеткеніме де қуаныштымын. Кәсіпқой бокс қайта оралды. 

Мен қайта оралдым. Маған уақыт керек болды. Қазір мен есейдім. 

Шеремета тосын сый болған жоқ. Өзімді шаршы алаңда жақсы сезіндім. Жақсы дайындалдым. Сол үшін де командама алғыс білдіргім келеді. 

Төрт нокдаун? Камил мен оның бапкеріне респект. Бірақ мен оны орнына қойдым. Таймингті жақсы сезіндім, күш пен қашықтықты да сезіне білдім. Жекпе-жек шамалы созылып кетті. Өйткені, жанкүйерлер ләззат алсын дедім. 

Келесі қарсылас? Мен барлығымен кездесуге дайынмын. "Канело" мен Смит арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығуға да. Келесі жолы бұдан да мықты жекпе-жек сыйлаймын деп уәде беремін", - деді Головкин. 

Бұл кездесуде Головкин чемпиондық белбеуін 21-рет сәтті қорғады. Осылайша ол атақты Бернард Хопкинстің рекордын бұзды. Америкалық бұған дейін белбеуін 20-рет қорғаған болатын.


 

Метки:
Жаңалықтар