9TkA2eSTfkXZw0knoEizI78tnewXTNR99T0wXtAn
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мен "Канело" мен Головкинді де жеңе аламын. Сондықтан не үшін Лемьеден қорқуым керек? - Сондерс

Мен "Канело" мен Головкинді де жеңе аламын. Сондықтан не үшін Лемьеден қорқуым керек? - Сондерс
Билли Джо Сондерс. Сурет: theworldboxingwall.com
Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) канадалық Давидом Лемьемен (38-3, 33 КО) өтетін кездесудің алдында қарсыласы жайлы және осы салмақтың көшбасшысы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) туралы ойымен бөлісті. 

Еске салайық, Головкин 2015 жылдың қазан айында Лемьемен кездесіп, текхинкалық нокаутпен жеңген болатын. Сол кездесуде канадалық боксшы өзіне тиесілі IBF белбеуінен айырылған еді. 

"Лемье көп кездесулерін тек Канадада өткізеді. Иә, ол Головкинмен кездесті. Кейін Кертис Стивенсті нокаутқа түсірді. Бірақ Лемье мен секілді мықты боксшымен кездескен жоқ. 

Қазіргі уақытта орта салмақтағы мықты боксшылардың қатарына "Канело", Головкин, Джейкобс, Лемье және мен кіремін. Оның төртеуі алдағы кездесуде бір-бірімен кездесетіні қуантады. Бұрнағы күні мен бұл салмақтың чемпионымын. Сондықтан да мен көп сынақтан өтуім керек. Ал алдағы кездесу үшін Лемье мен оның командасы көп ақша төлеп отыр. 

Лемье жақсы соққы жасай алады. Бірақ оны Головкин еш қиындықсыз-ақ жеңді. Головкинмен өткен кездесуде ол өзін дәлелдеу керек еді. Алайда ол кездесудің қалай аяқталғанын барлығыңыз білесіздер. Ол мықты боксшы. Геннадиймен өткен кездесуде барлық күгін көрсетті. Головкиннің комбинациясы жақсы өтті. Дегенмен қазақстандық боксшы да Лемьенің соққыларын өткізіп отырды. 

Головкинге қарағанда менің қорғанысым әлдеқайда мықты. Мен Лемьенің мықты және осал тұстарын білемін. Менің басты мақсатым - Лемьенің жеңу. Лемьемен өтетін кездесуден әділ шешімді күтемін. Мен өзімнің шамамды білемін. Енді соны рингте дәлелдегім келеді. Егер ол мені әділ жеңетін болса, мен оның қолын аламын", - дейді Сондерс. 

Еске салайық, Сондрес пен Лемье арасындаңы кездесу 16 желтоқсан күні Лаваль (Канада) қаласындағы Place Bell спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша тікелей көрсетеді. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар