w2b0tU2pmXHPNchJlmy1h0W0k32zGw6RJfdxycM7
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мен Головкинді мойындаймын. Бірақ жекпе-жек барысында мені ештеңе тоқтата алмайды - Джейкобс

Мен Головкинді мойындаймын. Бірақ жекпе-жек барысында мені ештеңе тоқтата алмайды - Джейкобс
Дэниел Джейкобс. © USA TODAY Sports
WBA белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне керемет жоспар даярлап қойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен қазір бір арманмен ғана өмір кешіп жүрмін, өйткені менің ең биік жетістікке жету туралы арманым орындалайын деп тұр. Кей боксшылар өмір бойы осындай айтулы жекпе-жекті өткізе алмай жүр. Рингтегі және одан тыс көрген қиындықтарым менің жауынгерлік рухымды тәрбиеледі. Өліммен бетпе-бет келген адам тұлға болып қалыптасады. Мен өзгелерді рухтандырғым келеді. 

Вирджил Хантердің залында қазіргі және бұрынғы чемпиондармен жаттығуға мүмкіндік бар. Олардың тарапынан болған кез келген көмекті бағалаймын. Ал өз командаммен бірге ауыр еңбектің арқасында Головкиннен басым түсетіндей тамаша стратегия ойластырамыз.

Мен Головкинді мойындаймын. Ол қарсыласына үлкен қысым жасап, оны моральдық және физикалық тұрғыда қауһарынан айырып, сағын сындырады да, соңында әдемі нүктесін қояды. Бірақ менде оған қарсы тұратындай тамаша стратегия, мәнер және күш бар.

Мен жаттығулар арқылы ең мықты деңгейіме жетемін және сол күні шаршы алаңда ойлағанымды жүзеге асырамын", - дейді Джейкобс RingTV арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама