auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мен Головкинді бір көргеннен ұнатып қалдым - Ларри Мерчант

Бокс сарапшысының айтуынша, орта салмақтағы боксшылар Головкин сияқты жұдырықтасу керек.

Мен Головкинді бір көргеннен ұнатып қалдым - Ларри Мерчант
Геннадий Головкин. © worldboxingnews.co.uk
Белгілі бокс сарапшысы Ларри Мерчант WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді  (36-0, 33 КО) бүгінгі таңда үздік боксшы деп атады, - деп хабарлайды allfight.ru басылымы. Оның айтуынша, орта салмақтағы боксшылар Головкин сияқты жұдырықтасу керек.

"Головкин "Канеломен" өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіссе, оған әрі қарай беделін артттыру үшін жұмыс істеу керек болады. Головкин жеңіске жетсе, өз деңгейін көтеріп, ауыр салмақтағы боксшылармен жұдырықтаса алады. Мен Головкинді бір көргеннен жақсы көріп қалдым. Оның жекпе-жегінің алғашқы 30 секундын көріп, "Вау! Бұл кім?" дедім. Міне, орта салмақтағы жігіттер осылай жұдырықтасу керек, - деді Мерчант. - Меніңше, ол үздік боксшы (cалмақ дәрежесіне қарамастан - автор..). Мен бұл рейтингте сарапшы емеспін, бірақ ол мен үшін үздік боксшы саналады. Боксқа деген қызығушылығың болса, сен Головкиннің жекпе-жектерін көруің қажет", - деді сарапшы.



Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар