Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Қанат Ислам жекпе-жек өткізгеніне де көп болған жоқ. 5 шілде күні Алматыда Доминика Республикасынан келген Хулио де Хесуспен қолғап түйістірді. Қарсыласын 14 секундта нокаутқа түсіріп, отандастарымызға жарқын жеңіс сыйлады.