Кәсіпқой бокс
9 маусым 2021 12:16

Майк Тайсонның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Майк Тайсон. Сурет: twitter.com/miketyson

Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңға күзде оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Fightnews.info порталы боксшының бапкері Рафаэль Кордейроға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Ол спортшы. Сондықтан жаттығу жасау үшін үнемі залға келеді. Қыркүйек айына жекпе-жек жоспарланып жатқан сияқты. Бірақ мен келесі қарсыластың кім болатынын білмейін. Оның ісін жүргізетін Legends Only League қарсыласпен келіссөз жүргізіп, телеарнамен келісіп жатыр. Ал біз жаттығу жасаудамыз. Біз қыркүйек айында жекпе-жек өткіземіз", - деді Кордейро. 

Еске салайық, Тайсон соңғы кездесуін өткен жылдық қараша айында өткізіп, тағы бір аңыз боксшы Рой Джонспен кездесді. Бұл айқаста жеңімпаз анықталмай, тең нәтиже тіркелді.