Профи-бокс
23 сәуір 2018 17:41
 
Мартиросян Головкинмен кездесуге қалай қол жеткізгенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Мартиросян Головкинмен кездесуге қалай қол жеткізгенін айтты Ванес Мартиросян. Сурет: BoxingScene

Шыққан тегі армяндық, бірақ АҚШ намысын қорғайтын Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуді қалай ұйымдастырғанын айтып берді. 

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты) қаласының маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрт белбеуін ортаға тастайды. 

"Бір жылдың ішінде екі рет жаттығу лагерін ұйымластырдық. Бірақ біз енді дайындала бастағанда жекпе-жек өтпейтін болып шешіліп жатты. 17 наурыз күні WBC белбеуіне Сулецкимен міндетті жекпе-жек өтуі керек еді. Бірақ Мацей Джейкобсты таңдады. Содан соң мен залға қайта оралдым. Осылай бір жыл көлемінде жалғасып келді. Жекпе-жек өтпейтін болады, ал мен жаттығуға қайта кірісемін. 

Промоутерім Дон Кингпен сөйлескен сайын мен өз наразылығымды айтатын едім. Үнемі оған "Өзімді көрсету үшін жекпе-жек берші", - дейтін едім. Ол маған кездесу ұйымдастырып беру үшін біраз еңбектенді. Міне, соңында келісімге де келдік. Олар менен бұл жекпе-жекке шығуға дайынсың ба деп сұрағанда бірдан "әрине" деп жауап бердім. Сосын олар 176 фунтқа көтеріле аласың ба деп сұрады. Ал мен дәл қазір салмағымның 176 фунт екенін айттым. Біз жаттығу жасадық. Қазір бабымдамын. Кинг маған карьерамдағы ең үлкен кездесуді ұйымдастырып берлді. Енді менің өзімді көрсететін уақытым келді. 

Біз үнемі жаттығу жасаймыз. Жекпе-жек үшін ақша төлейді. Головкин бұл кездесуді қабыл алғанына қуаныштымын. Қарсыластарым қашып жүретін кездесулерде өзімді толық көрсете алмадым. Мысалы, Лара және Андраде қашып жүріп жұдырықтасатын боксшылар. Оларды нағыз айқасқа шақыра алмадым мен. Дегенмен Головкин ашық айқасатын боксшы, Бұл мен үшін жақсы мүмкіндік", - деп келтіреді Мартиросянның сөзін Boxingscene.com порталы. 

Жарнама

Живи спортом!