Профи-бокс
15 қазан 2022 10:28
 

Мария Агапова жарақатына байланысты біраз уақытқа қатардан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Мария Агапова жарақатына байланысты біраз уақытқа қатардан шығып қалды ©instagram.com/mma.mashka/

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова (10-4) жарақатына байланысты сегіз ай жекпе-жек өткізе алмайтын болды. Сондай-ақ, файтер әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы жоспары туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова (10-4) жарақатына байланысты сегіз ай жекпе-жек өткізе алмайтын болды. Сондай-ақ, файтер әлеуметтік желісіндегі парақшасында алдағы жоспары туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Агапова соңғы кездесуін қыркүйек айында Лас-Вегас қаласында өткізіп, канадалық Джиллиан Робертсоннан сабмишн әдісімен жеңіліп қалды. 

"Бүгін менің аяғыма операция жасалды. UFC дәрігері Гелбке көп рақмет. Ол маған операция жасады. Енді ем-домыма көмектеседі. Ем сегіз ай болады. Бірақ жақсы айқасу үшін және карьерам ұзақ болуы үшін мен оған шыдау керекпін. 

Бұл уақытқа менің жоспарым бар. Мен татуировка мен маникюр жасауды үйренгім келеді. Сонымен қатар, модель бағытында карьерамды бастаймын. Ем кезінде қандай да бір табыс табу үшін үйрену керекпін. Жұмыс берушілеріме рақмет айтқым келеді. Мен бұл барда күзетші болдым. Жұмысыма бір айдан кейін қайта орала аламын деп ойлаймын. Маған қолдау білдіргендердің барлығына алғыс. Енді бастысы осы он айды аман-есен өткізу қажет. UFC-мен менде әлі екі жекпе-жекке келісімшарт бар. Сондықтан мүмкіндігінше ерте оралуға тырысамын. Бірге барлық кедергілерден өтеміз", - деп жазды Агапова. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!