auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Маман Ербосынұлын биыл WBA, WBO және IBF белбеуіне таласуы мүмкін екенін айтты

Маман Ербосынұлын биыл WBA, WBO және IBF белбеуіне таласуы мүмкін екенін айтты
Сурет: Suleimen Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) биыл чемпиондық атаққа қол жеткізуі мүмкін. Мұндай пікірді Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол боксшының командасын мақтап, оның мықты тұстарын тізбектеп шықты. 

"Ербосынұлы биыл толық чемпиондық белбеуге таласа алады. Оның командасы дұрыс бағытты таңдаған. Пандемия кезінде мықты деген боксшылармен екі кездесу өткізді. Осының арқасында да ол рейтингте жоғары көтерілді. Қарсыластарының деңгейін ақырындап көтеріп, олар нақты мақсатына жақындап жатыр. 


Биыл Ербосынұлы WBA, WBO және IBF белбеуіне таласуы мүмкін. Әрине, Альварес, Сондерс немесе Джейкобс секілді жігіттермен жұдырықтасуға әлі ерте. Бірақ чемпиондық белбеуге мүмкіндік бар. Тек асықпау керек. Оның басты мықты тұсы - тұрақтылық. Ол жылына кемінде төрт, бес кездесу өткізуде. Осылайша ол көздегеніне жете алады, - деді Саенс. 

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы соңғы кездесуін 16 желтоқсан күні өткізіп, ганалық Исса Самирадан үстем түсті. Бұл кездесуде отандасымыз WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. Кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Бірақ отандасымыз қарсыласын үшінші раундта нокаутқа түсірді. 

Қазіргі уақытта ол WBA нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте екінші, WBO тізімінде төртінші, ал IBF рейтингінде жетінші орында келеді. 




 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама