auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Маман Данияр Елеусіновтің болашақ қарсыластары кімдер болуы мүмкін екенін айтты

Қазір отандасымыз орта салмақта IBF Intercontinental белбеуінің иегері.

Маман Данияр Елеусіновтің болашақ қарсыластары кімдер болуы мүмкін екенін айтты
Сурет: instagram.com/yeleussinovdaniya
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) үшін 2021 жыл табысты болу керек. Мұндай пікірді Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Delcotimes.com порталының журналисі Джек МакКаферри айтты. 

"Елеусінов өзінің мықты екенін көрсетті. Биыл бұл жігіттен жақсы нәтиже күтуге болады. Эдди Хирн биыл оны чемпиондық жекпе-жекке шығарады деп сенемін. Тезірек болса тіпті жақсы болар еді. 

Жалпы Елеусінов Хирнмен келісімшарт жасап, жолы болды. Ол әлемдегі ең мықты промоутерлердің бірі. Ол өзінің боксшыларына жақсы қарап, керемет мүмкіндіктер жасап жатыр. Енді барлығы тек Даниярдың қолында. Ол чемпион атанатын мүмкіндікке ие болады. 

Елеусіновтің биыл Каваляускас немесе Гарсиямен шыққаны қызық болады. Рейтингте жоғары көтерілу үшін жақсы қарсыластар. Оның үстіне бұл кездесулерде Данияр да өзінің қаншалықты мықты екенін көретін еді", - деді МакКафери. 

Айта кетейік, америкалық боксшы Дэнни Гарсия желтоқсан айында отандасы Эррол Спенспен WBC және IBF белбеулері үшін жекпе-жек өткізіп, жеңіліп қалды. Ал литвалық Эгидиюс Каваляускас болса WBO белбеуін иегері америкалық Теренс Кроуфордпен кездесіп, нокаутқа түскен болатын. Бұл жігіттердің барлығы да Елеусінов жұдырықтасатын салмақта. 

Ал отандасымыздың өзі 28-қараша күні намибиялық Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) кездесіп, нокаутпен жеңіске жетті. Бұл айқаста Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды. Осы жеңістен кейін қазақ боксшысы BoxRec рейтингінде 39-орыннан 26-орынға көтерілді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар