auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Максим Головкин қалай Қазақстан чемпионы болғанын айтып берді

Ағайынды Головкиндер Қазақстан чемпионатының финалында екі рет кездесіпті.

Максим Головкин қалай Қазақстан чемпионы болғанын айтып берді
© Daily Mail
Максим Головкин қалай Қазақстан чемпионы атанғаны туралы және WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы бауыры Геннадий Головкинге қалай жол бергенін айтып берді. 

"Біз Геннадиймен бір салмақта жұдырықтасып, екі рет финалда жолыққан едік. Бірінші рет мен жекпе-жектен бас тартып, Генадий чемпион болса, екінші рет финалдық жекпе-жектен ол бас тартты. Осылайша мен Қазақстан чемпионы атандым. Кеңес кезінде Қазақстан ұлттық құрамасына мүше болу үшін ақша керек еді. Біздің отбасымыз кедей болды деп айта алмаймын. Бірақ біздің отбасымыздың екеумізді де Ұлттық құрамаға жіберуге мүмкіндіктері болмады. Ол кезде Геннадийдің жігері көбірек еді. Сондықтан да мен оған жол бердім. Қазір қарап отырып, мен ол шешіміме еш өкінбеймін. 

Мен бауырымды мақтан тұтамын. 10-20 жас кезіміздегі теккен төрімізді, жаттығуымыздың барлығы есімде. Головкин қазіргі қол жеткізген нәтижелеріне қарамастан әлі де талай биікті бағындыратын күші бар екенін білемін. Бұл біздің қанымызға сіңіп кеткен. Біз жеңілісті ұнатпаймыз", - дейді Максим Головкин HBO телеарнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін Максим Головкин бірден бапкерліктің қамын киді. Қазір ол бауырының бапкерлер қосынында жұмыс істейді. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақал трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.






Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар