auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

МакГрегордың досы әрі спарринг серіктесі. Хамитовтың келесі қарсыласы туралы не білеміз?

Хамитов пен Куилли арасындағы кездесу 26 қараша күні Алматыда өтеді.

МакГрегордың досы әрі спарринг серіктесі. Хамитовтың келесі қарсыласы туралы не білеміз?
Питер Куилли (сол жақта) мен Конор МакГрегор. Сурет: facebook.com
26 қараша күні Алматындағы "Алматы-Арена" спорт кешенінде ережесіз жекпе-жекте ел намысын қорғап жүрген Қуат "Найман" Хамитов Fight Nights (FN) және Absolute Championship Berkut (ACB) промоушендері ұйымдастырып жатқан жекпе-жек кешінде ирландиялық Питер Куиллимен кездеседі. Осы орайды Vesti.kz порталы сіздерді қазақстандық спортшының келесі қарсыласы туралы толығырақ мәлімет беруді жөн көрді. 

Ирландиялық спортшы қазіргі  уақытта өзінің жаттығу жұмыстарын Дублинде SBG Ireland спорт кешенінде өткізеді. Оның спарринг қарсыластарының қатарында UFC-де жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Артем Лобов және Гуннар Нельсон. Бұған дейін Куиллидің өзі жаттығу жұмыстарына UFC чемпионы Конор МакГрегордың өзі көмектесетінін айтты. 



31 жастағы ирландиялық спортшының бойы - 180 сантиметр. Ол Хамитовтан жеті сантиметрге биік. FN рейтингінде Питер Қуаттан бір саты төмен орналасып, жетінші орында келеді. 

Питер Куилли карьерасын 2012 жылы бастаған. Ол жеңіл және жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететі. Cage Warriors Fighting Championship, XCage 8, Venator, OMMAC, CAC, Extreme Fighting Championship және FN промоушендерінің аясында 14 кездесу өткізген. Оның он кездесуінде жеңіске жетсе, төрт кездесуде жеңіліп қалған. 

Соңғы кездесуін ол FN промоушенінде өткізіп, ресейлік Ислам Бегидовтен жеңілді. 



Қуат Хамитов та өзінің соңғы кездесін FN турнирінлде Владивостокта өткізіп, чемпиондық белбеуге талас кездесуінде төрешілердің шешімі бойынша ресейлік Магомедсайгил Алибековтен жеңілді. Жалпы Хамитов ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 18 кездесуде жеңіске жетсе, 6 кездесуде жеңілген. 

Әлеуметтік желілердегі көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, "Найманның" жанкүйерлері көп екен. Куиллидің Facebook парақшасынла 3039 досы болса, Хамитовте 4693. Ал қазақстандық спортшының Instagram парақшасындағы оқырмандары әлдеқайда көп. Нақты айтатын болса, "Найманд" 145 000, ал Питерде 68 000. 

Куилли Ирландияның Дангерван қаласында дүниеге келген. Кейіннен елдің бас шаһары Дублин қаласына көшіп кеткен. Кейіннен Дублиндегі St. Augustine's Dungarvan колледжінде оқыған. 



Ирландиялық спортшы графигіне ерекше көңіл бөлмейді екен. Дегенмен де ұйқыға 8-9 сағатын арнайды. Ол күніне 
екі рет жаттығу жасайды. Куилли шекерден толығымен бас тартып, салауатты өмір салтын сақтайды. 

Айта кетейік, Куилли мен Хамитов арасындағы кездесу AFC және FN промоушендері 26 қазан күні Алматы қаласындағы 12 мың жанкүйер сыйатын "Алматы-Арена" спорт кешенінде өтетін ережесіз жекпе-жек кешінің басты кездесуі болады. 











Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар