Профи-бокс
7 тамыз 2020 22:13
 
"Маған денсаулығым маңызды". Америкалық боксшы не үшін Головкинмен кездесу өткізуден бас тартқанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

"Маған денсаулығым маңызды". Америкалық боксшы не үшін Головкинмен кездесу өткізуден бас тартқанын түсіндірді Сурет: DAZN

Америкалық боксшы Брэндон Адамс (21-3, 13 КО) не үшін Геннадий Головкинмен кездесуден бас тартқанын айтып берді. 

"Чарломен кездесудің алдында менде Головкиннен ұсыныс болды. Біз ол ұсыныстан бас тартып, Чарломен шықтық. Өйткені, бұл кездесуден көбірек ақша табуға болатынын түсіндік. Головкиннің командасы 166 фунтта қарсылас іздеді. Ал мен болса әрең 160 фунтқа жететін ем. Мен әлемдегі ең ірі жігіттердің қатарынан емеспін. 160 фунттың өзі менің ағзам үшін қиын. Сондықтан мен онымен шыққым келмеді. Маған денсаулығым маңызды. Біз онымен төмен салмақта кездесу өткізу туралы келісейін деген едік. Бірақ ол келіспеді", - деді Адамс. 

Айта кетейік, Головкин шарашы алаңға қазанда шығады деп күтілуде. Оның қарсыласы польшалық Камиль Шеремета (53-1-2, 36 КО) болу керек. Бұл кездесуде отандасымыз IBF белбеуін қорғайды. 

Жарнама

Живи спортом!