"Біз дайынбыз! Бізге әлем чемпионы белбеуі керек", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз жыл соңына дейін бірнеше кездесу өткізуге ниетті екенін айтты.
Соңғы рет Әлімханұлы шаршы алаңға өткен жылдың қараша айында АҚШ жерінде шықты. Ол кездесуде отандасымыз канадалық Альберт Оноуноседен үстем түсті.
Қазақстандық бокшы WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерінің иегері. Ол 28 наурыз күні Канаданың Квебек қаласында белбеулерін қорғау керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты бұл бокс кеші өтпей қалды.