Украиналық боксшы Василий Ломаченко ең көп ауыр соққы жасаған боксшылардың көшін бастап тұр, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы.
Үздік үштіктің қатарында Джервонта Дэвис пен Теренс Кроуфорд та бар.
Ең көп ауыр соққы жасаған боксшылардың тізімі:
1. Василий Ломаченко - 48,4 пайыз
2. Джервонта Дэвис - 47,7
3. Теренс Кроуфорд - 47,0
4. Сауль Альварес - 46,6
5. Кит Турман - 46,6
6. Эррол Спенс - 46,3
7. Дэвид Бенавидес - 46,0
Айта кетейік, Ричард Коммиге қарсы кездесуде Ломаченко 58,2 пайыз ауыр соққыларын дәл тигізген екен.
Еске салайық, өткен демалыс күні Нью-Йорк қаласында өткен жекпе-жекте Василий Ломаченко төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осылайша, ол 2021 жылғы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін украиналық Масаеси Накатаниден үстем түскен болатын.