Жеңіл салмақта WBA, WBC және WBO белбеулерінің иегері украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) келесі кездесуін жеңіл салмақта IBF белбеуінің иегері амеиркалық Теофимо Лопеске (15-0, 12 КО) қарсы өткізеді.
Бұл айқас қазан айында Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында өтеді. Екі боксшылардың командасы гонорарды келісіп, жекпе-жекті ұйымдастыруға кіріскен.
Негізі бұл кездесуге Ломаченко ұзақ уақыт келісім бермей жүрген. Бірақ осы аптаның басында келісіпті.
BoxingScene тілшісі Дэн Рафаэльдің ақпараты бойынша, жекпе-жек 3 қараша күні өтеді екен.