Профи-бокс
14 тамыз 2017 14:17
 
Ломаченко желтоқсан айында жеңіліп көрмеген Ригондомен кездесуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Ломаченко желтоқсан айында жеңіліп көрмеген Ригондомен кездесуі мүмкін

Жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко желтоқсан айында екінші жеңіл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Гильерме Ригондомен (17-0 КО 11) кездесуі мүмкін.

Boxingtalk.com порталы таратқан мәліметі бойынша, қазіргі уақытта екі Олимпиада ойындарының чемпиондарының командалары келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Жекпе-жектің мән-жайы желтоқсан айының басында белгілі болып қалады. Егер Ломаченко Ригондамен жекпе-жек ұйымдастыра алмаса, онда ол 9 қыркүйек күні мексикалық Орландо Салидомен кездесуі ықтимал.

Василий Ломаченко кәсіпқой бокста 9 кездесу өткізіп, 8-інде жеңіске жетсе, 1 кездесуде мексикалық Орландо Салидодан жеңіліп қалды. Соңғы кездесуін 29 жастағы украиналық боксшы 2017 жылдың 5 тамызында Мигель Марригаға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Айта кетейік,  Ломаченко 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Ал Гильерме Ригондо болса 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 36 жастағы кубалық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2017 жылдың 17 шілдесінде өткізіп, Мойзес Флорестен үстем түсті. Ригондо 2000 жылғы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Жарнама

Живи спортом!