Профи-бокс
20 қараша 2017 09:16
 
Леффлер "кім жеңгені туралы дауға нүкте қоюдың жалғыз жолын" айтты

  Пікірлер

blog.share

Леффлер "кім жеңгені туралы дауға нүкте қоюдың жалғыз жолын" айтты

Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен GGG арасындағы қарымта кездесудің маңызы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Гена қысымға алды, ал Альварес соққының дәлдігіне ғана сенді. Кім жеңгені туралы дауға нүкте қоюдың жалғыз жолы - қарымта кездесу. Эрик Гомеспен (Альварестің промоутері) бірге үнемі байланыстамыз және бәрін реттей аламыз. Бірінші жекпе-жек сәтті болғандықтан, екіншісін ұйымдастыру қиын болмас. Егер инко де Майода (5 мамырда) қарымта кездесу өткізе алсақ, бұл жанкүйерлерге сыйлық болады. Головкиннің командасына сенімдімін, алайда, "Канелоның" атынан сөйлей алмаймын. Эрик мұны басты мақсаттардың бірі деген еді", - дейді Леффлер FightHub басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қарымта кездесуді 5 мамырда өткізуге дайындалып жатқаны туралы айтқан.

Жарнама

Живи спортом!