auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Том Леффлер Головкиннің қыркүйек және желтоқсан айында кімдермен жұдырықтасатынын айтты

Головкин желтоқсанда Мигель Коттомен жұдырықтасуы мүмкін.

Том Леффлер Головкиннің қыркүйек және желтоқсан айында кімдермен жұдырықтасатынын айтты
©Heavy.com
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының қыркүйек және желтоқсан айларында кімдермен жұдырықтасатынын айтты. 

Помоутердің айтуынша, күзде өтетін жекпе-жекке олар қарсылас ретінде тек Сауль "Канело" Альваресті емес, сондай-ақ кіші Хулио Сезар-Чавесті де қарастырып отыр екен. Ал желтоқсан айында отандасымыз пуэрторикалық Мигель Коттомен жұдырықтасуы мүмкін. 

"Біз Чавеспен жекпе-жекті осыдан екі жыл бұрын ұйымдастырғымыз келді. Ол кезде Головкин 168 фунтқа көтерілуге дайын еді. Бірақ ол кезде келіссөздер тығырыққа тіреліп қалды. Сөйтіп біз жекпе-жекті ұйымдастыра алмадық. Головкин Джейкобсты жеңетін болса, біз қайта келіссөздерді бастаймыз. 

Қазір "Канелоның" салмағы Головкиннен ауырлау. Бұған дейін жұрт ол Головкин үшін тым жеңіл деп айтып жүр еді. Алайда ол қазір екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүр. Бір нәрсені айта кеткім келеді, біз Gplden Boy промоутерлік компаниясымен келіссөз жүргізгенімізде, ешқашан салмақ туралы айтпадық. Жекпе-жек 160 фунтта өтеді. Бірақ қазір оның бәрі тек бос әңгіме. Головкин мен Абель Санчес қазір Джейкобсқа қарсы өтетін кездесуге дайындалып жатыр. Бұл Головкиннің карьерасындағы ең маңызды жекпе-жек болғалы тұр. 

Менің міндетім алдағы уақытта Гоовкиннің қатысуымен үлкен кездесулер ұйымдастыру. Чавес пен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазы Головкинмен жақсы бір кездесуі өткізеді деп ойлаймын. Қазіргі уақытта "Канело" әлемдегі сұранысқа ең көп ие боксшылардың бірі. Бірақ Чавес оның жоспарларын бұзып тастауға дайындалып жатқанын білемін. Егер Генадий мен "Канело" алдағы кездесулерінде жеңіске жетсе, онда Головкин "Канелоның" Мигель Коттоға қарсы өткіземін деген жоспарын бұзып, желтоқсан айында Головкин Коттомен жұдырықтасуы мүмкін", - дейді Леффлер IBF TV арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, Головкин 18 наурызда Нью-Йорк қаласасында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады.

Толығырақ: http://kaz.vesti.kz/profi/389/
Материалды қалай болсын қолдану тек қана vesti.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар