Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC ұйымындағы болашағына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Келісімшарт бойынша әлі екі жекпе-жегім бар. Жуырда USADA тексерді. Жалпы бәрі жақсы, бәрі дұрыс. Мені қумады. UFC ұйымының спортшысымын", - деді Жұмағұлов "Вестник MMA" Youtube арнасына берген сұқбатында.
Еске салайық, отандасымыз соңғы кездесуін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 56 турнирінде өткізді. Америкалық Джефф Молинаға қарсы кездесуде Жұмағұлов 28-29, 29-28, 27-30 есебімен жеңілді.
Бұл Жалғастың UFC ұйымындағы бесінші кездесуі болатын. Қазақстандық оның төртеуінде жеңілсе, біреуінде жеңіске жетті.