"Күте-күте шаршап кеттім". Шеремета Головкинмен кездесу туралы
Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF белбеуіне міндетті қарсылас польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандық боксшағы қарсы кездесуге қалай дайындалып жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Xsport.ua.
Боксшының айтуынша, ол жекпе-жектің қашан өтетінін білмейді екен. Бірақ қыркүйек айына дайындалып жатыр екен.
"Біздің кездесу туралы жаңалықтарды Instagram желісінен көріп тұрамын. Ең ірі деген парақшалар мені белгілеп салып отырады. Жекпе-жек қыркүйек немесе қазанда шығар. Мен қазір қыркүйектегі кездесуге дайындалып жатырмын.
Күте-күте шаршап кеттім. Бұл кездесуді қатты қалаймын. Өзімнің қаншалықты мықты екенімді білгім келеді. Деңгейімді көргім келеді. Қазірше жаттығу жасап, бабыма келіп жатырмын", - деді Шеремета Ring Polska басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шеремета мен Головкин соңғы кездесулерін 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өткізді. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімі бойынша Сергей Деревянченконы жеңсе, польшалық Оскар Кортестен үстем түсті.

Жарнама