auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Кукпен өтетін кездесуге тас-түйін дайынмын - Қанат Ислам

Кукпен өтетін кездесуге тас-түйін дайынмын - Қанат Ислам
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукпен (18-0, 11КО) өтетін кездесудің алдында болған бапсөз жиыны кезінде алдағы кездесуге сақадай-сай екенін айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Бұл менің Қазақстандағы екінші жекпе-жегім. Кездесуге дайынмын. Біз бұл айқасқа бірнеше ай бойы тынбай дайындалдық. Сондықтан да 9 қыркүйек күні өзімді жақсы қырынан көрсеткім келеді. 

- Өзіңіздің дайындығыңызды қалай бағалайсыз?

- Жекпе-жекке сақадай-саймын. Жанкүйерлерімді қуантқым келеді. Сондықтанда жанкүйерлерді 9 қыркүйек күні "Сарыарқа" спорт кешенін келіп, отандастарымызды қолдаңыздар дегім келеді. 

- Алдағы кездесуде де 12 раунд жұдырықтасасыз ба, әлде ертерек нокаутқа түсіруді ойластырып отырсыз ба?

- Спортта жүрген адам барлығына дайын болуы керек. Мен бұған дейінгі 24 кездесуі қалай дайындалсам, бұл кездесуге де дайындық солай өтті. Менің ойымша, бұл бокс тарихындағы ең керемет жекпе-жектердің бірі болады. Жанкүйерлерімді жақсы жеңіспен қуантуға тырысамын. 

- Отандасымыз Бейбіт Шүменовтің де Астанада жекпе-жек өткізгенін жақсы білеміз. Бірақ ол кездесу Шүменов үшін оңай болған жоқ. Сіздің алдағы кездесуге психологиялық дайындығыңыз қалай?

- Ең бастысы - дайындық. Маған қарсыласымның кім екені, жекпе-жектің қай жерде өтетіні маңызды  емес. Ең бастысы дайындықты дұрыс өткізу. Ал өз Отанымда жекпе-жек өткізу - мен үшін үлкен жауапкершілік. 

Еске салайық, бокс кешін 9 қыркүйек күні Астана қаласындағы "Сарыарқа" спорт кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жек кешінің басты айқасында Қанат Ислам мен Брэндон Кук шаршы алаңға шығады.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама