Кубалық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайын білу үшін емханаға барды

©boxingscene.com

Кубалық боксшы Давид Моррел (8-0, 7 КО) қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) тексерістен өтіп жатқан Хеннепин аймағының емханасына барды. Бұл туралы BoxeoPlus.com хабарлады. 

Моррел Ербосынұлының жағдайын білуге барған. Ал осыған дейін медициналық орталық қазақстандықтың жағдайына байланысты нақты ақпарат беруден бас тартты. 

Ербосынұлы Моррелге қарсы өткен кездесудің 12 раундында нокаутпен жеңілді. Айқастан кейін оны дәрігерлер зембілмен алып кетті. Емханада Айдосты жасанды комаға жіберген. Алдын ала болжам бойынша, оның миына қан кеткен. 

Ал Моррелдің бапкері болса қазақстандықтың бұл жағдайға түсуіне кімнің кінәлі екенін айтты. Мұндай мәлімдемені бапкер Айдостың жағдайы қиындағанға дейін айтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар