Кроуфордтан жеңілген Шон Портер карьерасын аяқтағанын мәлімдеді

©skysports.com

Жартылай орта салмақта WBC және IBF белбеулерінің бұрынғы иегері 34 жастағы америкалық боксшы Шон Портер карьерасын аяқтады. Мұндай мәлімдемені ол отандасы Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін жасады. 

Шон Портер мен Теренс Кроуфорд бүгін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасып, кездесу 10-раундта тоқтатылды. Қатарынан екі нокдаунға түскеннен кейін Портердің командасы айқасты жалғастырудан бас тартты. 

"Карьерамды аяқтайтынымды хабарлаймын. Кроуфордты жеңген жағдайдың өзінде бұл мәлімдемені жасаймын деп жоспарладым. Мен енді бокспен шұғылданбаймын", - деді Портер кездесуден кейінгі баспасөз жиынында. 

Портер жалпы карьерасында төртінші рет жеңілді. Бұған дейін ол Кел Брук, Эррол Спенс және Кит Турманнан жеңілген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар