Профи-бокс
1 қараша 12:03
 

Кроуфорд күт! Әлімханұлы алдағы жекпе жектері жайлы айтты

  Пікірлер

blog.share

Кроуфорд күт! Әлімханұлы алдағы жекпе жектері жайлы айтты ©Qazaq Style team

Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша біріктірілген әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жекпе-жектері туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша біріктірілген әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жекпе-жектері туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

32 жастағы Жыланды ауылының тумасы 6 желтоқсанда рингке шығып, WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) күш сынасады. Бұл жекпе-жекте бірден үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Бокс саласы сарапшыларының бірі пікір білдіріп, егер екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы, америкалық Теренс Кроуфорд салмақты төмендетуді жоспарлап жүрсе, оған WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жұдырықтасу қажет екенін айтты.

«Егер Бад Кроуфорд 160 фунтқа түспек болса, онда алдымен ол орта салмақтағы WBC белбеуін иелену үшін Карлос Адамеспен жұдырықтасуы керек. Одан кейін Жәнібек (WBO және IBF чемпионы) пен Эрисланди Лараның (WBA чемпионы) жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасып, барлық төрт белбеу үшін айқасуы тиіс. Демек, ол 2026 жылы екі рет рингке шығуы мүмкін», — деп жазды сарапшы әлеуметтік желіде.

Алайда Әлімханұлының өз нұсқасы бар — ол Кроуфордпен жекпе-жекке басқа жолмен келуді көздеп отыр.

«Оған (Кроуфорға) Адамеспен жұдырықтасудың қажеті жоқ. Мен Лара мен Адаместі де жеңемін, төрт белбеудің бәрін өзім аламын. Содан кейін ол асықпай менімен жекпе-жекке дайындала береді», — деді Жәнібек.

Бұған дейін Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін өтетін айқастан кейінгі келесі қарсыласы туралы да айтқан болатын.

Айта кетейік, Теренс Кроуфордтың өзі де Жәнібекке қолдау білдіріп, Лараға қарсы өтетін жекпе-жек қарсаңында видеоүндеу жолдаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!