72,6 келіге дейінші салмақта әлем чемпионы атағына үміткер болған британдық боксшы Лиам "The Machine" Уильямс (23-3-1, 18 КО) жарақат алып, үш аптадан кейін Кардифф қаласында болатын отандасы кіші Крис Юбенкке (31-2, 23 КО) қарсы жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Бұл туралы vRINGe.com порталы инсайдер Майк Коппинджерге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл екі боксшы екі күн бұрын ғана баспасөз жиынында кездесіп, сұқбат берген еді. Бірақ содан соң Лиамның жарақат алғаны белгілі болды.
Алдағы айқас Уильямс үшін WBO белбеуінің иегері Деметриус Андрадеден (30-0, 18 КО) жеңілгеннен кейін алғашқы кездесу болуы керек еді.
Дәл қазір Лиамның орнын басатын боксшы туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Осылайша Юбенктің үшінші қарсыласы кездесуден бас тартты. Бұған дейін неміс жігіттері Свен Эльбир (18-1, 14 КО) мен Анатолий Муратов жекпе-жектен бас тартып еді.